Mobirise Website Builder

Біз туралы

«ҚазМедТех» акционерлік қоғамы 2010 жылғы 23 қарашадағы №1238 Үкімет Қаулысына сәйкес «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында құрылған.

Қоғам қызметінің негізгі мәні лизинг шарттарымен одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу болып белгіленген.  

Mobirise Website Builder

Қоғамның даму стратегиясы

Миссия
Денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуына ықпал ете отырып, тиімді және икемді лизингтік бағдарламалар арқылы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

Пайымы 
Медициналық техникамен қамтамасыз етуде және оларды тиімді пайдалануда денсаулық сақтау субъектілері үшін ашықтық, әділдік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген сенімді серіктестік.

Біздің қызметіміздің нәтижелері

2000

2000-нан астам техникалық сараптама

700

Ел бойынша 700-ге жуық денсаулық сақтау ұйымы

700

700-ге жуық медициналық техника бірлігі лизингке берілді

Медициналық жабдықтар

Mobirise Website Builder
Хирургиялық жабдықтар

Әртүрлі операция түрлеріне арналған құралдардың кең ауқымын қамтиды: жалпы хирургиялық араласулардан бастап, мамандандырылған процедураларға дейін.

Mobirise Website Builder
Диагностикалық жабдықтар

Ауруларды анықтау, олардың кезеңін белгілеу және оңтайлы емдеу әдісін таңдау үшін қолданылатын медициналық аспаптар мен құрылғылар жиынтығы.

Mobirise Website Builder
Терапевтік жабдықтар

Ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу үшін амбулаторлық қабылдау жағдайында қолданылатын медициналық құрылғылар мен құралдардың жиынтығы.

Mobirise Website Builder
Реанимациялық жабдықтар

Шұғыл көмек көрсету, науқастың өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіру және қолдау үшін арналған медициналық аспаптар мен құрылғылар жиынтығы.

Неге бізді таңдайды?

Заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау – медициналық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби дамуын айқындайтын негізгі фактор болып табылады. Алайда, құны жоғары медициналық жабдықтарды сатып алу елеулі қаржылық жүктемеге әкелуі мүмкін.

«ҚазМедТех» АҚ медициналық мекемелерге айтарлықтай бастапқы шығындарсыз озық технологияларды жылдам енгізуге мүмкіндік беретін медициналық жабдықтарды лизингке алудың тиімді шарттарын ұсынады. 


Медициналық техника өнім берушілеріне арналған ақпарат

«ҚазМедТех» АҚ 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қоғамның меншікті қаражаты есебінен медициналық техниканың қаржы лизингі жобаларын іске асыру кезінде медициналық техника жеткізушілерімен есеп айырысудың жаңа тәртібі қолданылатынын хабарлайды.
Есеп айырысудың жаңа тәртібі «ҚазМедТех» АҚ Басқармасының 2026 жылғы
30 маусымдағы № 31/26 «ҚазМедТех» АҚ меншікті қаражаты есебінен лизингтік жобаларды іске асыру кезінде медициналық техника жеткізушілерімен есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» шешімімен бекітілген.
Жаңа тәртіпке сәйкес, жеткізілген медициналық техника үшін жеткізушіге төлем 50%/50% схемасы бойынша жүзеге асырылады:
1. медициналық техника нақты жеткізіліп және растайтын құжаттарға қол қойылғаннан кейін медициналық техника құнының 50% мөлшеріндегі төлемнің бірінші бөлігі жүзеге асырылады;
2. жеткізілген медициналық техника құнының қалған 50% мөлшеріндегі төлемнің екінші бөлігі бірінші төлем жүзеге асырылған күннен бастап 6 ай өткен соң, шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. 


Тарифтік бағдарламалар

Қолдау

9%
Сыйақы мөлшерлемесі 

  • аудандық (ауылдық) деңгейдегі мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін
Стандарт

12%
Сыйақы мөлшерлемесі 

  • аудандық (ауылдық) деңгейдегі мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы коммерциялық емес ұйымдар үшін
Дамыту

18%
Сыйақы мөлшерлемесі 

  • жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдары үшін
Қамқорлық

4-6%
Сыйақы мөлшерлемесі 

  • мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға арналған
Отандық өндіріс

5%
Сыйақы мөлшерлемесі

  • меншік нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдары үшін

Өтінім қалдыру

Медиа

Mobirise Website Builder
Баспасөз релизі
23-10-2026

«ҚазМедТех» АҚ ұжымы Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Mobirise Website Builder
Баспасөз релизі
22-10-2026

«ҚазМедТех» пен Sinopharm ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Mobirise Website Builder
Баспасөз релизі
15-10-2026

«ҚазМедТех» АҚ өңірлердегі кардиологиялық көмекті дамытуға қосқан үлесі

Mobirise Website Builder
Баспасөз релизі
07-10-2026

«ҚазМедТех» өңірлердегі медициналық ұйымдарды жарақтандыру жұмыстарын жалғастыруда

Mobirise Website Builder
Баспасөз релизі
18-09-2026

«ҚазМедТех» АҚ медициналық жабдық өндірушілерімен ынтымақтастық жайларын талқылады

Mobirise Website Builder
Баспасөз релизі
11-09-2026

«ҚазМедТех» АҚ Sinopharm компаниясымен жұмыс кездесуін өткізді

Mobirise Website Builder
Баспасөз релизі
10-09-2026

«University Medical Center» КҚ қаржы лизингі тетігін іске асыруда толық форматты Prodigy рентгендік сүйек денситометрі жабдықтарымен орнатылды

Mobirise Website Builder
Баспасөз релизі
02-09-2026

2 қыркүйекте «ҚазМедТех» АҚ – нда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті

Байланыс ақпараты

Email:

kmt@kmtlc.kz

Мекенжайы:

Қабанбай Батыр даңғылы, 11/5,
903-кеңсе, Астана 010000

Жұмыс уақыты:

08:30 - 17:30

‌

Free AI Website Creator