Қазан 28, 2026

Еңбек өтілі үшін қосымша төлемдер: МСАҚ қызметкерлеріне қандай өзгерістер ұсынылуда?

Президент Жолдауында белгіленген шаралар аясында учаскелік қызмет мамандарына үздіксіз еңбек өтілі үшін қосымша төлемдер белгілеу ұсынылуда:
• 2 жылдан астам еңбек өтілі үшін – лауазымдық айлықақының 20%-ы;
• 3 жылдан астам еңбек өтілі үшін – 30%;
• 5 жылдан астам еңбек өтілі үшін – 50%.
•
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауылдық жерлерде еңбек өтілі ең жоғары жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 534 мың теңгеден 760 мың теңгеге дейін, ал қалаларда 425 мың теңгеден 607 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Еңбек өтілі ең жоғары орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысын ауылдық жерлерде 284 мың теңгеден 401 мың теңгеге дейін, ал қалаларда 224 мың теңгеден 318 мың теңгеге дейін арттыру көзделуде.

Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында жұмыс істейтін психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге психоэмоционалдық жүктеме үшін қосымша төлемдер беру мәселесі де қарастырылуда.

«ҚазМедТех» АҚ медициналық ұйымдарда кадрлардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолдайды. Емханалар мен ауылдық амбулаторияларды медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету барысында техникалық құралдарға деген қажеттілікті ғана емес, олармен жұмыс істейтін мамандардың бар-жоғын да ескеру маңызды. Кадрлық құрамның тұрақтылығы қызметкерлерді оқытуды жоспарлауға және жабдықтарды жүйелі әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Компания үшін медицина қызметкерлерін қолдау мен медициналық ұйымдарды техникалық жарақтандыру – алғашқы медициналық көмекті дамытудың өзара тығыз байланысты бағыттары.

‌

Offline Website Maker