Қазан 07, 2026

«ҚазМедТех» өңірлердегі медициналық ұйымдарды жарақтандыру жұмыстарын жалғастыруда

Соңғы алты ай ішінде «ҚазМедТех» АҚ Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына заманауи медициналық жабдықтар жеткізді.

Өңірді медициналық техникамен жарақтандыру аясында барлығы 4 бірлік медициналық жабдық жеткізілді:

-Voluson Signature 18 ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі – Жалағаш аудандық ауруханасына;
-Stellaris Elite Vision Enhancement System офтальмологиялық микрохирургиялық жүйесі – Облыстық көпбейінді ауруханаға;
- HSA 800M 2 пульсациялық вакуумдық бу стерилизаторы – Облыстық перинаталдық орталығына.

Жеткізілген жабдық медициналық ұйымдардың диагностикалық және емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге, мамандар жұмысының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын заманауи талаптарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жүйелі түрде жаңарту өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Заманауи жабдықтар озық медициналық технологияларды енгізуге жағдай жасап, нәтижесінде халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

«ҚазМедТех» АҚ денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникамен жарақтандыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын нығайтуға және Қазақстан өңірлерінде сапалы медициналық көмекті дамытуға ықпал етеді.

‌

Offline Website Software