«ҚазМедТех» АҚ өз қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды (СЖІТ) аяқтап, жүргізілген жұмыстың қорытындыларын ашық талқылауға көшеді.
Жүргізілген талдау ішкі үрдістер мен рәсімдердегі ықтимал сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға, оларды барынша азайтуға, алдын алу шаралары кешенін қалыптастыруға, адалдық пен ашықтық қағидаттарына негізделген корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған.
Ескертулер мен ұсыныстарды қалай жолдауға болады
Барлық мүдделі тараптар СЖІТ нәтижелері бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе ескертулерін үш жұмыс күні ішінде келесі байланыс деректері арқылы жолдай алады:
E-mail: a.akhmetov@kmtlc.kz
Ұялы телефон: +7 778 892 77 77
Жазбаша/жеке Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы - Орда» БО, 9-қабат, 903-кеңсе.
Келіп түскен ұсыныстар жүйелендіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі түпкілікті жоспарды бекіту кезінде ескерілетін болады.
«ҚазМедТех» АҚ ашықтық және есептілік қағидаттарын ұстанатынын растайды, сондай-ақ Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіруге белсенді атсалысқан барлық серіктестер мен мүдделі тараптарға алғысын білдіреді.
2025 жылғы 12 маусымнан бастап «ҚазМедТех» АҚ (бұдан әрі – Қоғам ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және қызметтің айқындығын арттыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастайды.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Қоғамның қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2. Қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«ҚазМедТех» АҚ ашықтық, есеп берушілік және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем қарсылық қағидаттарына адалдығын растайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарды сақтау бойынша жауапты тұлға:
Ахметов Алтынбек Меңдібайұлы
«ҚазМедТех» АҚ комплаенс-менеджері
Телефон: 8 (7172) 97-88-08 (ішкі 1022)
E-mail: a.akhmetov@kmtlc.kz
AI Website Builder