Қыркүйек 18, 2026
«ҚазМедТех» АҚ басшылығы медициналық жабдық өндіруші компаниялардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін, заманауи технологиялық шешімдерді, жабдықтарды жеткізу және сервистік қызмет көрсету шарттарын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Медициналық ұйымдарды сапалы әрі заманауи жабдықтармен жарақтандыру, озық технологияларды енгізу және еліміздің денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техниканың қолжетімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін білдіріп, қызмет бағыттарын одан әрі пысықтау туралы уағдаласты.
No Code Website Builder