Қыркүйек 02, 2026 

2 қыркүйекте «ҚазМедТех» АҚ – нда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Кездесу барысында қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі бағыттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ұжымда моральдық-этикалық нормаларды сақтау мәселелерін талқылады.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің қызметіне қойылатын өзекті талаптарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қорғау бойынша қажетті шараларды сақтау жөніндегі ұсынымдары түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ Қоғам қызметінде ашықтық, адалдық және корпоративтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

AI Website Generator