Қазан 22, 2026
22 қазанда Қытайда «ҚазМедТех» АҚ мен Sinopharm компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат жүйелі жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде әзірленіп, қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітті және өзара іс-қимылдың жаңа кезеңіне негіз қалады.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – Қазақстанның медициналық ұйымдары үшін заманауи медициналық жабдықтардың қолжетімділігін арттыру. Өндірушілермен тікелей байланыс орнату және жеткізілімдерді жолға қою делдалдық шығындарды азайтып, медициналық техниканы неғұрлым тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдары қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланып, қажетті жабдықтармен жарақтандыру деңгейін арттыра алады.
Сонымен қатар, «ҚазМедТех» компаниясының лизингтік бағдарламалары медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені біртіндеп бөлуге жағдай жасайды. Жабдықтарды тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігі мен төлемді кезең-кезеңімен жүзеге асыру тетіктері медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуды жеңілдетеді.
Sinopharm компаниясымен жасалған меморандум «ҚазМедТех» компаниясының денсаулық сақтау саласын заманауи техникамен қамтамасыз ету және медициналық ұйымдар үшін тиімді сатып алу шарттарын қалыптастыру бағытындағы жұмысының маңызды кезеңі болып табылады. Серіктестіктің түпкі мақсаты – Қазақстанның медициналық ұйымдарының мүмкіндіктерін кеңейтіп, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал ету.
AI Website Maker