Баспасөз хатшысы лауазымы
Бос лауазымға үміткерлер келесі біліктілік талаптарына сай болуы және келесі лауазымдық міндеттерді орындауы тиіс:
Білімі: Жоғары кәсіби
Білім бейіні: Филология / Журналистика / Жарнама және қоғаммен байланыс / Халықаралық қатынастар / Маркетинг
Кәсіби білім, жеке және әлеуметтік дағдылар:
− ҚР Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін, ҚР Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алулары туралы» ҚР заңдарын, сондай-ақ Қоғам қызметіне қолданылатын денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді білу;
− функционалдық міндеттерді орындауға қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу;
− коммуникативтік дағдылар: әріптестермен және басшылықпен өзара іс-қимыл жасау; тапсырманы түсіну үшін нақтылайтын сұрақтар қоя білу; күрделі және жанжалды жағдайларда сабырлылықты сақтау қабілеті;
− атқарушылық (басшылық тапсырмаларын дәл орындау, құжаттармен жұмыс барысында мұқияттылық таныту, мерзімдерді сақтау);
− жауапкершілік және жіберілген қателерді анықтауға және жоюға дайын болу;
− жоғары кәсіптік білім мамандықтары бойынша МВА, магистратура дәрежесінің болғаны құпталады;
− копирайтинг, PR, сыртқы байланыстарды ұйымдастыру және басқару, коммуникациялық менеджмент саласында сертификаттарының болғаны құпталады; − ДК-ны сенімді пайдаланушы;
− Microsoft Office бағдарламаларымен (Excel, Word, PowerPoint, Outlook) жұмыс істеу дағдылары;
− «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесімен, «eOtinish» өтінімдерді басқару жүйесімен және «eGov.kz» ақпараттық базасымен жұмыс атқару дағдылары.
Лауазымдық міндеттері:
1) Басқарма мен Қоғамның бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ), жұртшылықпен байланыстарын үйлестіруді жүзеге асыру, Басқарманың серіктестермен, контрагенттермен өзара қарым- қатынастарын ұйымдастыру, өзара байланыстарды дамыту жөніндегі шаралар мен жоспарларды әзірлеу;
2) Қоғам қызметі (жоспарлары, даму перспективалары, жетістіктері және т.б.) туралы ақпараттың толық әрі кеңінен таратылуын қамтамасыз ету, Қоғам қызметі туралы ақпаратты жинау, қорыту және талдау, Қоғам өткізетін іс-шараларды БАҚ- да жариялау, БАҚ-ын Қоғам қызметі туралы тұрақты түрде хабардар ету;
3) Қоғам қызметіне қатысты БАҚ-на жарияланған материалдарға (мақалалар, бейнематериалдар, әлеуметтік желілердегі
жарияланымдар, сайттар мен жаңалықтар порталдарындағы материалдар) тұрақты мониторинг жүргізу, медиакеңістікке күнделікті талдау және Қоғам қызметіне қатысты мәселелер бойынша апта сайынғы баспасөз дайджестін дайындау;
4) Қоғам қызметі туралы оң ақпараттық кеңістік қалыптастыру, Қоғамның инвестициялық тартымдылығы мен имиджін арттыру мақсатында медиакеңістік өкілдеріне Басқарма төрағасының ұстанымын жеткізу, Қоғамның сыртқы коммуникацияларын оңтайландыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
5) БАҚ-да жариялау үшін Қоғамның Басқарма төрағасының атынан мақалалар мен материалдар жазу, БАҚ-нан келіп түскен сұрауларға жауаптар, сұхбаттар, пікірлер, жарияланымдар дайындау, Басқарма төрағасы мен Қоғам атынан БАҚ мәлімдеме жасау, Қоғам қызметі туралы пресс-релиздер жазу және тарату;
6) Қоғам қызметі туралы ақпараттық материалдар мен имидждік мақалалар дайындау, Қоғам жүргізетін жарнамалық науқандарды іске қосу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
7) Әлеуметтік желілермен жұмысты ұйымдастыру, стратегия әзірлеу, контент-жоспар жасау, комьюнити-менеджментті жүзеге асыру, қарсылықтармен жұмыс істеу;
8) Қоғам қызметіне қатысты оқиғаларға Қоғамның реакциясын жариялау үшін материалдар дайындау, медиакеңістікте Қоғамға теріс реакция тудыруы мүмкін ақпарат анықталған жағдайда Басқарма төрағасын уақтылы хабардар ету, қажет болған жағдайда БАҚ - да және өзге де медиада жарияланған мәліметтерді теріске шығару материалдарын дайындау және орналастыру;
9) Қоғам туралы БАҚ-да жарияланған материалдар архивін қалыптастыру;
10) Қоғамның күнтізбелік жылға арналған медиа-жоспарын қалыптастыру және оны кейіннен Қоғам Басқармасының бекітуіне енгізу;
11) Уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, мемлекеттік сараптама ұйымының және басқа ұйымдардың баспасөз қызметтерімен тұрақты өзара іс-қимыл жасау;
12) Қоғам қызметі мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен кездесулерді, конференцияларды, көрмелерді, дөңгелек үстелдерді, пікірталастарды, келісімдер мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою іс-шараларын және өзге де имидждік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
13) Баспасөз конференцияларын, брифингтерді, баспасөзге арналған мәлімдемелерді, Қоғамның Басқарма төрағасының сұхбаттарын және Қоғамның лауазымды тұлғаларының БАҚ өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру;
14) Қоғамның веб-сайты туралы ережені әзірлеу, веб-сайт жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу, Қоғамның веб- сайтын ақпаратпен толықтыруға қатысу;
15) Қоғамның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларын стратегиялық мақсаттар, ақпараттық саясат және корпоративтік стандарттар талаптарын ескере отырып, толық әрі жүйелі ақпараттық мазмұнмен қамтамасыз ету. Жаңалық материалдарын, баспасөз хабарламаларын, ресми мәлімдемелерді, мультимедиялық контентті дайындау,
редакциялау және орналастыру, сондай-ақ жарияланымдардың тиімділігін талдау және ақпаратты жедел жаңарту
16) Коммуникациялық стратегияларды әзірлеу, Қоғамның әлеуметтік желілеріндегі және корпоративтік сайтындағы контентті басқару, Қоғамның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарын жүргізу, SMM;
17) БАҚ-да және әлеуметтік желілерде Қоғам қызметі туралы ақпараттың дұрыс жариялануын бақылау;
18) Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерінің сөз сөйлеулеріне арналған баяндамалар, анықтамалар және өзге де ақпараттық материалдарды дайындауға қатысу;
19) Сапарлар, кездесулер, іссапарлар және өзге де іс-шаралар барысында Қоғам Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерін сүйемелдеу (қажет болған жағдайда), құзыреті шеңберінде тапсырмалар мен міндеттерді орындау;
20) Лауазымдық нұсқаулықтан және Қоғамның ішкі құжаттарынан туындайтын өзге де функцияларды орындау.
Жұмыс кестесі:
1) Жұмыс күні таңғы сағат 8:30-да басталады;
2) Жұмыс күні кешкі сағат 17:30-да аяқталады;
3) Демалыс және тамақтану үзілісі сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін;
4) Сенбі және жексенбі демалыс күндері.
Қажетті құжаттардың тізімі, олардың шынайылығы мен түпнұсқалығы үшін кандидаттар толық жауапкершілік алады:
1. Өтініш (1 – қосымша сәйкес);
2. 3х4 өлшеміндегі фотосуреті бар түйіндеме (2 – қосымша сәйкес).
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 18 ақпан сағат 10:00-ге дейін.
Құжаттарды тапсыру тәсілі:
PDF форматында (әр құжат жеке файл ретінде) мына электрондық поштаға: ok@kmtlc.kz
Байқау туралы қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:
8 (7172) 97-88-08 (қабылдау бөлімі) 8 (775) 007-54-90, ішкі.728 (кадр бөлімі)
Өтініш
Түйіндеме
AI Website Generator