«MCF KM 04-02» 4 секциялы функционалды медициналық төсек
(кіріктірілген балкан жақтауымен / қондырғысымен, травматология және реабилитация бөлімшелеріне арналған).
4 секциялы төсек негізі (жату орны) және кіріктірілген балкан жақтауы бар функционалды медициналық төсек травматология, ортопедия және реабилитация бөлімшелерінде науқастарды орналастыруға арналған.
Кіріктірілген балкан жақтауы (ортопедиялық қондырғы) аяқ-қолдарды бекітуге (фиксациялауға), жүктерді іліп қоюға (тракция жасауға), науқастың төсекте тартылуына (қозғалуына) арналған тұтқаларды (штангаларды) орнатуға және басқа да ортопедиялық емшараларды жүргізуге қызмет етеді.
КҰ жүктеу
«MCF KM 04-03» 4 секциялы функционалды медициналық төсек (механикалық).
4 секциялы функционалды медициналық төсек ауруханаларда, клиникаларда және басқа да медициналық мекемелерде науқастарға күтім жасауға арналған. Төсек науқастың жайлы орналасуын қамтамасыз ету үшін секциялардың қалпын қолмен реттеуге мүмкіндік беретін механикалық жетекпен жабдықталған.
КҰ жүктеу
«MCF KM 04-04» төрт секциялы функционалды медициналық төсек
(биіктігін электромеханикалық реттеу мүмкіндігімен).
Төрт секциялы функционалды медициналық төсек стационарда, хосписте немесе үй жағдайында науқастарды жайлы орналастыруға және оларға күтім жасауды жеңілдетуге арналған.
Төсек негізінің (жату орнының) биіктігін, сондай-ақ науқастың бас, дене (корпус) және аяқ бөліктерінің секцияларын реттеп, қалпын өзгертуге мүмкіндік беретін электромеханикалық жүйемен жабдықталған.
КҰ жүктеу
Mobirise.com