«Төсек босанушы әйелдерді стационарда босануға дейінгі, босану процесі кезіндегі және босанғаннан кейінгі барлық кезеңде орналастыруға, сондай-ақ акушерлік қуысқа енбейтін (кішігірім) операциялар мен манипуляцияларды орындауға арналған.
● Төсектің конструкциясы – ажыратылмайтын (тұтас).
● Төсектің (жату орнының) биіктігі гидрожетек (гидропривод) арқылы реттеледі.
● Арқа секциясының, сондай-ақ төсектің бас және аяқ жағына қарай еңіс бұрыштарын өзгерту газды серіппелер (газлифттер) көмегімен жүзеге асырылады.
● «Тренделенбург» және «Анти-Тренделенбург» қалыптарының (позицияларының) болуы.
● Аяқ секциясын жылжыту (шығару) шарикті бағыттаушылар (телескопиялық рельстер) арқылы жүзеге асырылады.
● Төсектің беті (негізі) жоғары қысымды ламинатталған (HPL) пластиктен жасалған.
● Алынбалы бас және аяқ жақтауларында (панельдерінде) HPL-пластик кірістірмелері бар.
● Қабырғаға соғылған кезде зақымданудан қорғау үшін 4 бұрыштық роликті бамперлер орнатылған.
● Төсек тежегіші бар диаметрі 125 мм болатын 4 дөңгелекті тіреуішке орнатылған.»
КҰ жүктеу