Тоқсеитов Рахимберген Құрманғалиұлы

Тәуелсіз директор
«ҚазМедТех» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

ДК сайланған күні: 2024 жылғы 07 қараша (2024 жылғы 07 қарашадағы Жалғыз акционердің №769 шешімі негізінде)
Білімі: «Мемлекеттік бюджет» мамандығы бойынша Семей қаржы-экономикалық колледжі, «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Н.А.Вознесенский атындағы Ленинград қаржы-экономикалық институты, «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институты.

Еңбек жолы: 1978 жылдан бастап мемлекеттік қаржы жүйесінде кәсіби қызмет жасаған, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау министрлігі сияқты басқару органдарында бірқатар басшылық лауазымдарды атқарған. 1992–2003 жылдар аралығында аталған министрлікте вице-министр дәрежесінде қызмет еткен.
2003 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін квазимемлекеттік және жеке секторда маңызды басшылық лауазымдарды атқаруда. Олардың қатарында: «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, жетекші корпорациялардың президенті, вице-президенті, тәуелсіз директор және басшылықтың кеңесшісі қызметтері бар. Сонымен қатар, «Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «Марсель компаниялар тобы» сияқты ұйымдарда қызмет атқарған. 

HTML Generator