Тамыз 14, 2026

«ҚазМедТех» АҚ “Әділет” партиясының өкілдерімен кездесу өтті

Кездесу барысында қонақтарға Қоғам қызметінің негізгі бағыттары, медициналық техниканы қаржы лизингі арқылы қаржыландыру тетіктері және медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен жарақтандыру бойынша іске асырылып жатқан жобалармен таныстырылды.

Қатысушылар медициналық инфрақұрылымды дамыту, заманауи медициналық техниканың қолжетімділігі және денсаулық сақтау ұйымдарын қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар саланы дамыту және медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерінде ашық диалог пен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атады.

‌

AI Website Generator