Шілде 12, 2026

«Қолдау» бағдарламасы: аудандық және ауылдық медициналық ұйымдарды жабдықтауға қолдау көрсету

«ҚазМедТех» АҚ медициналық техниканы қаржы лизингіне берудің тарифтік бағдарламаларымен таныстыруды жалғастыруда. «Қолдау» бағдарламасы аудандық (ауылдық) деңгейдегі мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына арналған және заманауи медициналық жабдықтардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Аудандық және ауылдық медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту пациенттердің тұрғылықты жеріне жақын жерде диагностика мен емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. «Қолдау» бағдарламасы қажетті медициналық техниканы сатып алуға арналған қаржыландыру тетігін ұсынып, төлемдерді уақыт бойынша бөлуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
• сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 9%;
• бастапқы жарна – 0%-дан 30%-ға дейін;
• қаржылық лизинг мерзімі – 37 ай;
• медициналық техниканың құны – 5 млн теңгеден 200 млн теңгеге дейін.
Бағдарлама шеңберінде лизингтің бүкіл мерзімі бойы кепілдік сервистік қызмет көрсету және лизинг нысанын сақтандыру қарастырылған. Лизинг төлемдерін ішінара немесе мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар. Кепілдік қамтамасыз ету талап етілмейді.
«Қолдау» бағдарламасы аудандық және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын жаңғыртуға ықпал етіп, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға жағдай жасайды.

‌

Offline Website Creator