Сәуір 17, 2026

«Стандарт» бағдарламасы: медициналық техниканы қаржы лизингіне алу шарттары

«ҚазМедТех» АҚ медициналық техниканы қаржы лизингіне берудің қолданыстағы тарифтік бағдарламаларымен таныстыруды жалғастыруда. Бағдарламалар медициналық ұйымдардың әртүрлі санаттарының ерекшеліктерін ескере отырып, материалдық-техникалық базаны жаңарту үшін қолайлы қаржыландыру шарттарын таңдауға мүмкіндік береді.
«Стандарт» тарифтік бағдарламасы аудандық деңгейдегі ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына, акцияларының немесе қатысу үлестерінің 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы коммерциялық емес ұйымдарға арналған.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
• сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12%;
• бастапқы жарна – 30%;
• қаржылық лизинг мерзімі – 37 ай;
• медициналық техниканың құны – 5 млн теңгеден 200 млн теңгеге дейін.
Бағдарлама шеңберінде кепілдік сервистік қызмет көрсету және лизинг нысанын сақтандыру қарастырылған. Лизинг төлемдерін ішінара немесе мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар. Кепілдік қамтамасыз ету талап етілмейді.
«Стандарт» бағдарламасы медициналық ұйымдарға қажетті жабдықтарды сатып алуға, қаржылық жүктемені уақыт бойынша бөлуге және медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

‌

Best AI Website Maker