Наурыз 11, 2026

«ҚазМедТех» АҚ Қазақстанның медициналық инфрақұрылымын дамытуға 10 жылдан астам уақыт бойы үлес қосып келеді

«ҚазМедТех» АҚ 10 жылдан астам уақыт ішінде техникалық сараптама жүргізу, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыру және лизингтік жобаларды іске асыру бағыттарында елеулі тәжірибе жинақтады.
Осы кезеңде:
• 2 000-нан астам техникалық сараптама жүргізілді;
• еліміз бойынша 700-ге жуық денсаулық сақтау ұйымы медициналық техникамен жабдықталды;
• 700-ге жуық медициналық техника бірлігі лизингке берілді.
Бұл нәтижелер Қоғамның Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі материалдық-техникалық базаны жаңартуға қосқан үлесін көрсетеді. Медициналық ұйымдарды заманауи техникамен жарақтандыру диагностика мен емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Жинақталған тәжірибе Қоғамға медициналық ұйымдардың клиникалық қажеттіліктері мен жабдықтарды тиімді пайдалану міндеттерін ескере отырып, жобаларды кешенді түрде іске асыруға мүмкіндік береді.

‌

No Code Website Builder