Ақпан 12, 2026

Өтінімнен бастап жабдықты орнатуға дейін: «ҚазМедТех» АҚ-да лизингтік жобаны іске асыру кезеңдері

Медициналық жабдықтарды жаңарту медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Бюджет қаражаты шектеулі болған жағдайда қаржы лизингі медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені бөле отырып, материалдық-техникалық базасын жаңартуға мүмкіндік береді.
Қоғамда лизингтік жобаны іске асыру бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және сатып алынатын медициналық техниканың медициналық ұйымның клиникалық қажеттіліктеріне сәйкестігін бағалауға бағытталған.
Сараптамалық бағалау
Бірінші кезеңде медициналық ұйым жоспарланып отырған медициналық техниканы сатып алудың клиникалық-технологиялық негіздемесі (КТН) және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттамасы (ҰТC) бойынша сараптамалық қорытындылар алады.
Өтінім беру
Сараптамалық қорытындылар алынғаннан кейін медициналық ұйым Қоғамға қажетті құжаттар топтамасымен бірге медициналық техниканы лизингке беру туралы өтінімді жолдайды.

Ұйымдастырушылық сараптама
Қоғам жобаның ұйымдастырушылық сараптамасын жүргізеді және оны іске асыру ниеті туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін хабардар етеді.
Өнім берушіні таңдау
№ 110 Қағидалар шеңберінде медициналық техниканы жеткізуге арналған ашық тендер өткізіледі. Тендер қорытындысы бойынша жабдықтың қнім берушісі анықталады.
Шарт жасасу және жабдықты жеткізу
Қаржы лизингінің үшжақты шартына қол қойылғаннан кейін медициналық техника жеткізіліп, орнатылады және пайдалануға беріледі.
Қаржы лизингі медициналық ұйымдарға жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңартуға, пациенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, диагностика мен емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.

‌

Mobirise