Мұхамеджанов Ғалымбек Қазбайұлы

«ҚазМедТех» АҚ Басқарма Төрағасы

ДК сайланған күні: 2024 жылғы 7 қараша (2024 жылғы 17 желтоқсандағы Жалғыз акционердің №885 шешімі негізінде)
Білімі: Жоғары (экономикалық және заңгер), Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA), Іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA).

Еңбек жолы: Кәсіби еңбек жолын 2004 жылы Қостанай облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясында маман санатынан бастап бөлім басшысына дейінгі қызметтік сатылардан өтіп бастаған. Кейінгі жылдары қызметін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінде қаржы-экономикалық және әкімшілік басқару салаларымен тығыз байланыста болды.
2009–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі бақылау басқармасында бас сарапшы қызметін атқарды. 2011–2017 жылдар аралығында Ұлттық медициналық холдинг ұйымдарында бірқатар басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ қаржы директоры, «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары және осы АҚ Басқарма Төрағасы болып қызмет етті.
Одан кейінгі кезеңдерде медициналық ұйымдарда және жеке секторда басшылық және консалтинг қызметімен айналысты. «МедиЛаб» ЖШС директоры, «IMIC» ЖШС кеңесшісі, «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директорының қаржы-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының медициналық мақсаттағы бұйымдар жөніндегі орынбасары және Басқарма мүшесі болып қызмет етті. 2024 жылғы қараша айынан бастап «ҚазМедТех» АҚ Басқарма Төрағасы қызметінде.  

Drag & Drop Website Builder