Сәуір 16, 2025

Медициналық жабдықтармен жарақтандыру саласындағы нормативтік реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен отырыс

«ҚазМедТех» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және медициналық жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау және түсіндіру болды.
Іс-шара барысында ұсынылған түзетулерге жан-жақты талдау жасалып, нарық қатысушыларының мүдделеріне қатысты мәселелер қаралды. Бизнес өкілдері өз тараптарынан қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге қызығушылық танытып, медициналық ұйымдарды жарақтандыру талаптарының тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнес қауымдастығымен ашық диалогқа дайын екендіктерін және нормативтік құжаттарды әзірлеу мен өзектендіру кезінде барлық мүдделі тараптардың пікірін ескерудің маңыздылығына айрықша назар аударды.
Отырыс қорытындысы бойынша жұмысты конструктивті түрде жалғастыру, оның ішінде жобаның соңғы нұсқасында назарға алу мақсатында нарық қатысушыларының ұсыныстарын жинау туралы шешім қабылданды.  

No Code Website Builder