Қыркүйек 16, 2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы және экспорттық-кредиттік сақтандыру тетіктерін енгізу жөніндегі жұмыс аясында «Қазмедтех» АҚ халықаралық байланыстарды нығайту бағытындағы өзінің белсенді қызметін жалғастыруда. Өткен аптада Басқарма төрағасы Ғалымбек Мұхамеджанов Корея Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Сапардың басты мақсаты – медициналық техника өндіруші жетекші компаниялармен тікелей өзара қарым - қатынас орнатып, жабдықтарды делдалсыз, лизингтік бағдарламалар арқылы сатып алуды ұйымдастыру. Бұл тәсіл өз кезегінде сатып алудың қолжетімді шарттарын қамтамасыз етіп, тікелей бюджеттік қаржыландырудан бас тарту есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Жұмыс сапары барысында Оңтүстік Кореяның бірқатар жетекші компанияларымен келіссөздер жүргізілді. Олардың қатарында диагностикалық жүйелер саласындағы әлемдік көшбасшы Samsung Medison; кардиология, анестезиология және мониторинг жабдықтарын өндіруші Bionet Co., Ltd.; сондай-ақ жоғары технологиялық рентгенологиялық жүйелер мен визуализация жабдықтарын шығаратын Genoray Co., Ltd. бар. Кездесулер қорытындысы бойынша компаниялар өзара ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға дайын екендіктерін растады.
Кореяға жасалған сапар «Қазмедтех» АҚ-ның экспорттық-кредиттік агенттіктермен және жаһандық өндірушілермен тұрақты қарым-қатынастарды дамыту бағытының қисынды жалғасы болды. Мұндай ынтымақтастықтың алғашқы бағыты Қытай елі болған еді, ал алдағы уақытта Италия, Испания және Жапония өкілдерімен ұқсас келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.
Шетелдік өндірушілермен ынтымақтастық және экспорттық-кредиттік сақтандыру құралдарын пайдалану отандық клиникаларды заманауи жабдықтармен тиімді әрі қолайлы шарттармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ бюджет қаражатын ұтымды жұмсауға мүмкіндік береді.
Free AI Website Creator