Шілде 18, 2025 

«ҚазМедТех» АҚ мен Қытайдың MEHECO компаниясы стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Қытай Халық Республикасына ресми сапар аясында «ҚазМедТех» АҚ мен China General Technology Group құрамына кіретін Қытайдың MEHECO (China National Medical & Health Products Import & Export Corporation) компаниясы стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар денсаулық сақтау саласында өзара тиімді серіктестікті ұзақ мерзімді әрі жүйелі негізде дамытуға қатысты ниеттерін растады.
Келісімде ерекше назар лизинг тетіктерін пайдалана отырып бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінген. Мұндай тәсіл денсаулық сақтау саласының бюджетіне түсетін қаржылық жүктемені оңтайландырып, қажетті инфрақұрылымды айтарлықтай біржолғы шығындарсыз кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік береді.
Келіссөздер барысында тараптар ықтимал ынтымақтастық форматтарын талқылап, қол қойылған меморандум аясында нақты бастамаларды кезең-кезеңімен пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.
Аталған келісім Қазақстан мен Қытай арасындағы медициналық саладағы тұрақты әрі технологиялық бағытталған ынтымақтастықа жаңа мүмкіндіктер ашады. Халықаралық нарықта көпжылдық тәжірибесі мен кең ауқымды өнім желісіне ие MEHECO компаниясы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту үдерісінде сенімді серіктес бола алады.
«ҚазМедТех» АҚ қол жеткізілген келісімдерді халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және елімізде медициналық қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған заманауи қаржылық шешімдерді енгізудегі маңызды қадам ретінде қарастырады. 

Free AI Website Maker