Шілде 24, 2025
24 шілде күні Астанада «ҚазМедТех» АҚ сәулелік диагностика, қарқынды терапия және зертханалық зерттеулерге арналған жабдықтарды өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын Mindray компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Келіссөздер барысында Қазақстанға медициналық техниканы тікелей жеткізуді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ынтымақтастықтың бұл форматы елдің медициналық ұйымдарын заманауи және сенімді шешімдермен қамтамасыз ете отырып, сатып алулардың тиімділігін арттыруға, логистиканы оңтайландыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Mindray өнімдері қазірдің өзінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде кеңінен қолданылып, технологиялық жағынан озық әрі тұрақты екенін дәлелдеді. Бұл ретте тараптар қазіргі ынтымақтастықтың кеңеюі мен жүйеленуінің айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті.
«ҚазМедТех» АҚ және Mindray Қазақстандағы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты. Денсаулық сақтау жүйесін технологиялық жаңғырту стратегиясы аясында «ҚазМедТех» АҚ әлемнің жетекші өндірушілерімен, соның ішінде Mindray компаниясымен тікелей өзара әрекеттесу бойынша жұмысты жалғастырады.
Free AI Website Creator