Маусым 20, 2025

«ҚазМедТех» АҚ өкілдері Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасымен кездесу өткізді

2025 жылғы 20 маусымда Басқарма Төрағасының орынбасары Асылхан Абылайханұлы бастаған «ҚазМедТех» АҚ делегациясы Тараз қаласына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасымен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында тараптар медициналық техниканы лизингке беру мәселелері, сонымен қатар өңірлік медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен жедел жарақтандыру тетіктерін талқылады.
«ҚазМедТех» АҚ еліміздегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға үлес қоса отырып, өңірлік денсаулық сақтау мекемелерін жоғары сапалы медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. 

No Code Website Builder