Маусым 04, 2025
2025 жылғы 4 маусымда «ҚазМедТех» АҚ – да Инвестициялық комитеттің кезекті отырысы өтті. Инвестициялық комитет – Компанияның медициналық техника мен жабдықтарға инвестиция салуға қатысты жобаларды қарау және мақұлдауға жауапты негізгі органы болып табылады. Оның басты мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық маңызды жобалар бойынша шешім қабылдаудың ашықтығын, тиімділігін және негізділігін қамтамасыз ету.
Отырыс Басқарма Төрағасының орынбасары Асылхан Аблайханұлының төрағалығымен өтті. Баяндамамен «ҚазМедТех» АҚ тиісті департаментінің бас менеджері таныстырды.
Отырыста медициналық ұйымдарда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және техникалық базаны жаңғыртуға бағытталған заманауи медициналық жабдықтарды сатып алу жобалары қаралды.
HTML Website Maker