Маусым 04, 2025

«ҚазМедТех» АҚ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті

2025 жылғы 4 маусымда «ҚазМедТех» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл атаулы күн – Мемлекеттік туымыздың, Елтаңба мен Әнұранның ұлттық бірлік пен тарихи сабақтастықтың, тәуелсіздігіміздің символы ретіндегі маңыздылығын еске салады.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Одан әрі қызметкерлерге мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, олардың маңызы мен ел өміріндегі рөлі туралы дәріс өткізілді.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және ұжымда патриоттық рухты нығайтуға ықпал етеді. 

HTML Website Maker