Мұхамеджанов Ғалымбек Қазбайұлы
«ҚазМедТех» АҚ Басқарма Төрағасы
ДК сайланған күні: 2024 жылғы 7 қараша (2024 жылғы 17 желтоқсандағы Жалғыз акционердің №885 шешімі негізінде)
Білімі: Қостанай экономикалық колледжі, Қостанай қаласы – Экономист-бухгалтер. Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Қостанай қаласы – Экономист-бухгалтер. Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Қостанай қаласы – Құқық бакалавры. Almaty Management University – Бизнес әкімшілендіру докторы (DBA), бизнес әкімшілендіру магистрі (MBA).
Еңбек жолы: 2004 жылдан бастап Қостанай облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған, соның ішінде жетекші маманнан бастап бас бақылаушы-тексерушіге дейін, сондай-ақ ішкі бақылау басқармасында ҚР заңнамасының сақталуын бақылау жұмыстарын жүргізген.
2011–2015 жылдар аралығында «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ қаржы директоры және Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған, сондай-ақ ішкі аудит қызметін басқарған. Кейінгі жылдары бірнеше басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, соның ішінде «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ Басқарма төрағасы және «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директорының қаржы- мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының медициналық мақсаттағы бұйымдар жөніндегі орынбасары және басқарма мүшесі болып жұмыс істеген.
Free AI Website Maker