Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

Медициналық техника келесідей талаптарға сай болуы керек:


  • Қазақстан Республикасында тіркелген болуы керек және медициналық техниканың тіркеу мерзімінің аяқталуына 6 айдан кем болмауы керек, АҚ «ҚазМедТех» дұрыс аяқталған клиникалық және техникалық қолдау;
  • маркировкасы, тұтынушы қорабы және денсаулық сақтау саласындағы құзыретті орган белгілеген заңға және тәртіпке сай медициналық техниканы қолдану ережесіболуы керек;
  • жаңа және осыған дейін қолданылмаған болуы тиіс, жеткізуші әкелетін уақытына дейін шығарылу мерзімі 24 айдан аспаған  медициналық техниканы жеткізіп беруді мойнына алуы керек;
  • өлшем бірліктерін жатқызылатын құралдар Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне енгізіліп, тексерістен өткізілуі керек. Сонымен қатар,   Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіндегі медициналық техниканың атауы, оның Қазақстан Республикасында заң талаптарына сай тіркелген атауына сай болуы керек.
  • Қызмет көрсетуге 37 айдан кем емес уақытқа кепілдік берілуі керек.
  • Құралды сатып алу үшін келісім-шарт жасалғаннан кейін 90 күнтізбелік күнге дейін жеткізілуі керек,Рентгендік диагностика және сәулелі терапия үшін машиналар мен құралдарды қоспағанда, жеткізу 120 күнтізбелік күннен аспауы тиіс; Медициналық техниканы тапсыру уақытына дейін оны жеткізуші жақ алушы тарапты техниканы қолдануға үйретіп, оны толықтай жұмысқа бейімдеп қою керек, себебі «ҚазМедТех» АҚ қызметкерлері техника пайдалануға беруге дайын кезде ғана барады;
  • Жеткізуші тарап техниканы алдын ала жеткізу туралы жазбаша хабарласа (егер жеткізуші тараптың қойымалары толып кетсе, шетелден келетін инженердің келуі қиындық туғызған жағдайларда)  жеткізушілер мекемеміздің өкілін жіберуге өтініш жасайды және техниканы тапсыратын күнді белгілейді. Мұндай жағдайда "КазМедТех" АҚ қызметкерлердің өңірлердегі жұмысының жалпы кестесіне сай өкілін жібереді.


Загрузка