Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

+7 (7172) 97-88-08
"Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 05 шілдедегі № 78 заңының нормаларына сәйкес:
Қаржы лизингі (бұдан әрі — лизинг) - лизинг беруші сатушыдан меншігіне сатып алынған және лизинг шартында келісілген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгілі бір ақыға және белгілі бір талаптармен бір жылдан астам мерзімге уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенетін инвестициялық қызмет түрі. Бұл ретте лизинг нысанасын лизинг шарты бойынша беру мынадай талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне жауап беруі тиіс:

Лизинг нысанасын лизинг алушының меншігіне беру және (немесе) лизинг алушыға лизинг нысанасын тіркелген баға бойынша сатып алу құқығын беру лизинг шартында айқындалған;

Лизинг мерзімі лизинг нысанасының пайдалы қызмет мерзімінің 75 пайызынан асады;
лизингтің бүкіл мерзімі үшін лизинг төлемдерінің ағымдағы (дисконтталған) құны берілетін лизинг нысанасы құнының 90 пайызынан асады;
Заң лизингтің мынадай негізгі нысандары мен түрлерін реттейді.
Лизинг түрлері:

Ішкі лизинг

Ішкі лизингті жүзеге асыру кезінде лизинг беруші мен лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады;
Халықаралық лизинг
Халықаралық лизингті жүзеге асыру кезінде лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылады.
Лизинг түрлері:

Қайтарымды лизинг

Лизинг түрі, онда сатушы лизинг нысанасын лизинг беруші ретінде осы лизинг нысанасын лизингке алу шартымен лизинг берушіге сатады;

Қайталама лизинг

Лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысанасы осы Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берілетін лизингтің бір түрі;

Банктік лизинг

Банк лизинг беруші ретінде әрекет ететін лизингтің бір түрі;

Толық лизинг

Лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асыратын лизингтің бір түрі;
Сублизинг

Лизинг алушы (сублизинг беруші) осы Заңның 2-бабына сәйкес лизинг шарты бойынша лизинг берушіден бұрын алынған және лизинг нысанасын құрайтын мүлікті ақы төлеп және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзімге үшінші тұлғаларға (сублизинг алушыларға) уақытша иеленуге және пайдалануға беретін лизингтің бір түрі;

Таза лизинг

Лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асыратын лизингтің бір түрі;

Ислам лизингі


Осы Заңның 2-1-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ислам банктері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және банктер болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалардың лицензиясы негізінде жүзеге асыратын лизингтің бір түрі.


Жаңалықтар
Байланыс

Мекен-жайы: Нұрсұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5 үй


жұмыс тәртібі:

Дүйсенбі-Жұма

9.00-18.00


Тел.: +7 (7172) 97 88 08