Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі
Астана. 21 маусым. Baq.kz «ҚазМедТех» АҚ Қызылорда қаласының ауруханасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде Dornier Medilas Solvo медициналық лазерлік жүйесін алып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Жаңа құрал хирургиялық жұмыстарға арналған, нақтырақ айтсақ, бүйректе жиналып қалған тастардың химиялық құрамы мен тығыздығына қарамастан толықтай жоюға мүмкіндік бермекші. Бүгінгі таңда қалалық аурухана мен АҚ арасында медициналық техниканы лизинге алу бойынша 10-ға жуық келісімге қол қойылып отыр.
Естеріңізге салайық, АҚ мемлекеттік лизингтік әлеуметтік салаға негізделген Қазақстан мен ТМД аумағында теңдесі жоқ мекеме. АҚ «С­аламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2010 жылдың 23 қарашасында құрылған болатын. Оның жалғыз акционері - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі болып табылады. АҚ құрылғаннан бері 160 денсаулық сақтау мекемесінде МТ жаңартылды. Мекеменің 5 жылғы қызметі барысында еліміз бойынша 500-ге тарта МТ лизингке сатып алынды.
2016 жылдың басынан бері АҚ МТ лизинге алу жөнінде 400-ге тарта өтініш келіп түскен. Оның 92 мақұлданды, 118 жоба кері қайтарылып, қалғандары қарастырылып жатыр.
Жангелді ҚАРЖАН

Тізімге қайта оралу

Загрузка