Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі
Еліміздің төрт өңірі медициналық техниканы лизингке алмақ Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында «ҚазМедТех» АҚ жеті медициналық техниканы еліміздің төрт өңірінде орналасқан денсаулық сақтау мекемелері үшін сатып алмақ, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Алматы қаласының №7 ауруханасына рентгендік-диагностикалық кешен орнатылмақ. Ал Қарағанды қаласының №3 емханасы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін рентген маммографиялық аппаратпен жабдықталады. Сонымен қатар, аталмыш мекемеге пленка қолданусыз халықты жаппай рентген тексеруден өткізуге мүмкіндік беретін флюроографиялық сандық стационарық рентген құрылғысы жеткізіледі, дәл осындай МТ №1 қалалық ауруханаға берілетін болады. Қостанай облысы Рудный қаласының қалалық ауруханасы ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйесімен және жасанды тыныс алу аппаратымен, Қызылорда облысының кеңес беру диагностикалық орталығы ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйесімен жабдықталады. Бүгінгі таңда «ҚазМедТех» АҚ Инвестициялық комитеті жыл басынан бері мекемеге түскен 420 жобаның 100 мақұлдап, 123 өтінішті кері қайтарды.
Жангелді ҚАРЖАН

Тізімге қайта оралу

Загрузка