Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қалалық №1 балалар ауруханасына нәрестелердің өкпесіне жасанды түрде ауа жіберу аппараты орналастырылды. Бұл туралы «ҚазМедТех» мемлекеттік лизингтік компаниясы хабарлады.

Компанияның мәліметінше, Babylog VN500 маркалы бұл аппараттар тыныс жолдарында туа бітті ақауы бар нәрестелердің өмірін сақтап қалуда көп көмектеседі. Ол Германияның Drager Medical GmbH компаниясынан сатып алынып отыр. Бұл медициналық техниканың жалпы құны 15 млн. теңгеге жуық.


«Біздің ауруханамызға мұндай заманауи аппараттың қойылуы өте маңызды оқиға. Өйткені бұл денсаулығында ақауы бар балалар мен нәрестелерді жасанды жолмен дем алғызып, өмірін сақтап қалуға таптырмайтын құрылғы. Babylog VN500 аппараты ең соңғы үлгілермен жасалған заманауи техника болғандықтан, оның артықшылықтары да мол», - деп атап өтті аталған аурухананың неонотальды жансақтау бөлімінің меңгерушісі Елена Байкалова.

Айта кетейік, «ҚазМедТех» мемлекеттік лизингтік компаниясы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында еліміздегі ауруханаларды заманауи шетелдік аппараттармен қамтамасыз етіп отырған мекеме. Бүгінде компания Қазақстанның түкпір-түкпіріне 281 медициналық техникаларды жеткізген.


Источник: 

Тізімге қайта оралу

Загрузка