Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі
«ҚазМедТех» АҚ Алматы қаласының №7 клиникалық ауруханасына рентген диагностикалық кешенін қаржылық лизинг шарты негізінде алып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қоғамның сараптамасы нәтижесінде сұралған медициналық техника денсаулық сақтау ұйымының деңгейі мен атқаратын жұмысына сай келетіні және оның құрылымы ДҰ-ның көрсететін қызметіне сәйкес екені белгілі болды. Аурухана жылына 4320 қызмет көрсетуді жоспарлап отыр, бұл МТ мүмкіндіктеріне сай келеді. Айта кету керек, ДҰ-да соңғы уақытта науқастардың саны артқан. Мәселен, 2015 жылдағы науқастар санын 2014 жылмен салыстырғанда 5,66 %-ға өскендігі байқалады.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚазМедТех» АҚ мұның алдында Қарағанды және Қызылорда облысының медицина мекемелеріне лизингке алынған медициналық техникамен жабдықтаған болатын.

Тізімге қайта оралу

Загрузка