Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

«КазМедТех» АҚ – мемлекеттік, лизингтік және әлеуметтік бағыттағы компания, Қазақстанда аналогы жоқ медициналық техниканы жалға берумен айналысады.

Компания 2010 жылдың 23 қарашасында, «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылды.

Біздің міндетіміз – мемлекеттік және меншік денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникамен жабдықтап, бүкіл лизинг мерзімінде кепілді қызмет көрсету.

Қызметтің негізгі бағыттары:

·         Лизингтік қызмет;

·         Лизинг шартында берілген медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету;

·         Клиникалық-техникалық негіздеменің, техникалық ерекшеліктің және медициналық техника бағасының сараптамасы;

·         Жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау нысандары үшін медициналық техника бағасының сараптамасы;

·         Лизинг шартында берілген медициналық техниканы пайдалануға беру мәселелері бойынша консультациялық қызметтерді көрсету.

Біз сапалы сараптамаға, әмбебап медициналық техниканы уақытылы жеткізуге, сервистік қызметке, ыңғайлы және таза төлем жүйесіне кепілдік береміз.