Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

Құрметті Қазақстандықтар!


   Жиырма жеті жыл бұрын Қазақстан тарихында жаңа бет ашылды - мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігі жарияланды, одан әрі мемлекеттік және әлеуметтік дамудың тарихи таңдауын жасау мүмкіндігі жүзеге асырылды.
   Бұл мереке халықтың еркіндігі мен ұлылығын бейнелейді, әсіресе әрбір қазақстандық үшін қымбат әрі маңызды, және біздің еліміздің басты мерекесі болып табылады. Республикадағы егемендік жылдарында экономиканың барлық салаларында айтарлықтай табысты өзгерістер мен реформалар болды. Бұл егемендік арқасында ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу және ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыру үшін шығармашылық процесс басталды.    Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық аренада танымал болды және әлемдік экономикалық жүйеде лайықты орын алды.
   «ҚазМедТех» АҚ ұжымы барлық қазақстандықтарды еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтайды. Біз сіздердің отбасыларыңызда бейбітшілік пен келісім, мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз!

Тізімге қайта оралу

Загрузка