Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

   Бүгінгі күні «ҚазМедТех» АҚ басшылығы Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Медициналық орталығында өткен «Денсаулық сақтаудағы инновациялар» атты Халықаралық ғылыми форумның жұмысына қатысты.

   Бұл медициналық оқиға робототехникалық хирургия, онкология, денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы инновациялық әзірлемелерге, ғылыми және техникалық қызмет нәтижелеріне гранттық қаржыландыру арқылы инновациялық өнімдер мен қызметтерді енгізу мәселелеріне арналған.

   Форумда клиникалық-диагностикалық зертханалар, инновациялық медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, фармацевтика, ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологиялар мен анти-жастық технологиялардың көрмесі ұйымдастырылды.

   «ҚазМедТех» АҚ командасы денсаулық сақтау жүйесінде инновацияларды енгізудің қазіргі үрдістерін қолдайды және оларды іске асырудың тиімді механизмдерін ұсынуға дайын.

Тізімге қайта оралу

Загрузка