Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі
«ҚазМедТех» АҚ Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы О.С.Мукашевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне қатысты.
Қоғам өкілдері «ҚазМедТех» АҚ қызметінің негізгі түрлері мен болашақ жобалары туралы презентация жасады. Сондай-ақ, талқылауға Павлодар облысындағы медициналық техниканың тозуы мен жағдайы туралы ақпарат ұсынылды.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы О.С. Мукашев «ҚазМедТех» АҚ туралы ақпаратты назарға алды. Сонымен қатар кеңесте облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын лизинг және МЖӘ тетіктері арқылы медициналық техникамен жүйелі негізде жабдықтау жөнінде шаралар қабылдау қажет екендігі атап өтілді.

Тізімге қайта оралу

Загрузка