Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі
7 сәуірде Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Осы жылы ол «Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту: барлығы үшін және бүкіл жерде» айдарымен өтеді.

Іс-шаралар 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде аталып өтеді.

Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде елдің медициналық ұйымдарында ашық есік күндері басталады. Әрбір ниет білдіруші өзінің денсаулығының жай-күйі туралы біле алады, арнайы мамандардың консультациялық-диагностикалық және практикалық көмегін ала алады.

Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық күні азаматтардың өз денсаулығын сақтаудың өмірде қаншалықты маңызды екендігін адамдарға түсіндіруге арналғандығын атап айтты. Сонымен, ДДҰ мамандарының айтуынша денсаулықтың 50% өмір сүру салтына және шамамен 8-10% - ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына, яғни дәрігерлерге байланысты болады.

«Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қымбат тұратын емнен аурулардың профилактикасына өту қажеттілігі туралы атап көрсетті. Бұл ретте, өзінің жеке денсаулығына өзінің қатысуынсыз және мүдделі болуынсыз аурулардың профилактикасы мүмкін болмайды. Біздің азаматтарымыздың көп уақытта спортпен айналысуына көңіл бөлуіне, дұрыс тамақтануға, тұз бен қантты артық тұтынуын төмендетуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға және жастардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен нығайтуға ерекше назар аударуына шақырғым келеді.» - деді Айжан Есмағамбетова.

Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры сөзін аяқтай келе, өмір сүру сапасының төмендеуін, мінез-құлық және эмоциялық бұзылулардың жоғары қаупін туындата отырып, психологиялық дамуындағы қиындықтарға әкелетін балалар жасындағы семіру проблемасына назар аудартты. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған маңызды міндеттерге де жеке тоқталды.

Сондай-ақ, брифингте ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова, денсаулық сақтау жүйесінің қызметі аурулардың алдын алуға, ерте анықтауға және тиімді емдеуге басымдықты бағытталғанын, мемлекет қабылдаған кешенді шаралар қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және сапасын жақсарту бойынша елеулі нәтижелер бергенін атап өтті. Сонымен, соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығының 6 жылға ұлғайғаны байқалады, 2016 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3 жасқа дейін жетті, өлім 27%-ға төмендеді, ана өлімі 4 есе төмендеді, нәресте өлімі 1,6 есе төмендеді, туберкулезден өлім 5 есе төмендеді, ҚЖА-дан болатын өлім 3 есе төмендеді, ал қатерлі ісіктерден болатын өлім 20%-ға төмендеді.» - деді.

Сонымен бірге, Лаура Ахметниязованың айтуынша 2017 жылы бірінші орында сүт безі обыры тұрған 35 мыңнан астам обырмен ауыратын науқастардың тіркелген. Яғни, 4 000-нан астам сүт безі обырымен ауыратын науқас өзі жеке жүгінген кезде анықталды, оның 40% асқынған сатыдағы пациенттер құрайды. Сондықтан да скринингтерден өтудің маңызды екенін байқалады. Өкінішке орай халық скринингке белсенді бармайды. Ерте сатысында анықтау емдеудің тиімділігін айқындайды және сәйкесінше өміршеңдікті ұлғайтады.».

Брифинг соңында, КЕАҚ стратегия және әдіснама жөніндегі басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов, медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жекеменшік клиникаларды халыққа қызмет көрсетуге көптеп жұмылдыруды қордың қолға алғанын және биылғы жылы 1390 компанияның 602-і - жекеменшік клиникаларымен келісімшарт бекіткенін айтып өтті, бұл халыққа тегін қызмет көрсететін медицина ұйымдарының 43%. Салыстырар болсақ, аталған көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 183-ке артқан. Өз кезегінде бұл инфрақұрылым және маман тапшылығы, бәсекелестік есебінен сервис сапасын көтеру сынды проблемаларды шешіп береді" – деді ол.

Тізімге қайта оралу