Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі
Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Түсіпов пен техникалық сараптама департаментінің директоры Наталья Морщакова Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің басшылығымен кездесу өткізді. Сапар қорытындысы бойынша медицина университетінің жанындағы госпитальға қандай медициналық техника және қандай көлемде қажет екені зерделенді.
Университет госпиталі көп салалы емдеу-профилактикалық, ғылыми-педагогикалық, өзіндік тарихы және білікті мамандардан құралған ұжымы бар мекеме болып табылады.
Бүгінгі таңда емдеу мекемесіне тиісті техника қажет. Лизинг жүйесі госпиталь басшылығы тарапынан қызығушылық тудырды. Енді осы бағыттағы жұмыс өзара қабылданған меморандум аясында жалғасатын болады.

Тізімге қайта оралу

Загрузка