Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» баяндама жасады.

Ол мемлекеттік бағдарламаның 7 бағытына негізделген «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» бойынша 6 жобаның іске асырылуы жайында мәлімдеді. Министр мемлекеттік бағдарламаның шаралары жобалық басқару қағидасымен жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«1-ші бағытты іске асыру шеңберінде жоспарланған 25 шараның 24-і орындалды. Қызметтің институционалдық негізі қаланды, халықаралық әріптестермен бірлесе жасалған жол картасы іске асырылуда. Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша негізгі жұмыс ең алдымен созылмалы инфекциялық емес аурулардың профилактикасына және халықтың арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Балалардың денсаулығын сақтауды сабақтастыру үшін мектеп медицинасы білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне берілді, сонымен бірге мектепте тамақтандырудың бірыңғай стандарттары мен суицидтің алдын алу бағдарламасы енгізілуде», - деп мәлімдеді министр.

«2-ші бағыттың шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекке (МСАК) қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша дәрігерлік учаскелер мен жалпы практика дәрігерлерінің саны ұлғайды, 6 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсету үшін 149 педиатриялық учаске құрылды. Барлық өңірлерде Ауруларды басқару бағдарламасы енгізілуде – бұл пациентті өзінің ауруын басқаруға белсенді тарту. Бағдарлама мынадай үш ауру бойынша енгізілді: қант диабеті, артериялдық гипертензия, жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі. Мамандандырылған қызметтердің алғашқы буынмен интеграциясының шеңберінде емханаларда қосымша туберкулезге қарсы, онкологиялық, маммологиялық кабинеттер, психикалық денсаулық кабинеттері ашылды», - деді министр.

3-ші бағыттың шеңберінде, міндеті жаңа стандарттарды, медициналық көмек көрсету технологияларын бекіту және енгізу болып табылатын Сапа жөніндегі біріккен комиссия құрылды. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету арқылы қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде халықтың медициналық көмекпен қанағаттану деңгейінің нысаналы индикаторы 46 %-ға дейін өсті.

4-ші бағыттың шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қолжетімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін арттыру көзделген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық дәрілік заттарға бағаларды реттеу бойынша заң жобасы әзірленіп, Парламентке енгізілді. 2017 жылы отандық тауар өндірушілермен 25 жаңа ұзақ мерзімді шарт жасалды. Бұл отандық тауар өндірушілерден дәрілік заттарды сатып алу үлесін 48%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Отандық тауар өндірушілер көлемінің өсуі 33%-ды немесе ақшалай 45 млрд.теңгені құрады.

5-ші бағыттың шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық жүргізілуде. 2017 жылы тәуекелдерге талдау жүргізілді және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санының жоғары болуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімдері ауыстырылған болатын.

6-шы бағыттың шеңберінде (адами ресурстарды басқару тиімділігін арттыру) педиатрлар, акушер-гинекологтар және басқа да қажетті мамандықтар үшін практикаға жіберу шарттары өзгертілуінің арқасында дәрігерлік кадрлардың жетіспеушілігі азайды. Медициналық жоғары оқу орындарының жетекші шетелдік университеттерімен стратегиялық әріптестігі арқылы медициналық білім жаңартылуда.

7-ші бағытты іске асырудың шеңберінде денсаулық сақтау саласына инвестиция көлемі 91 млрд. теңгеден астам 162 денсаулық сақтау объектісі пайдалануға енгізілді, бұл 43,5%-ға өсуді құрады. Медициналық қызметтер нарығын қайта реттеу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде жеке инвестициялардың үлесі 23 млрд. теңгеден 44 млрд. теңгеге 2 есе өсті.

Денсаулық сақтауды цифрландыру мақсатында 4 өңірде медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу пилоттық жобасы іске қосылды, медициналық ұйымдарды ақпараттық жүйелермен қамту 75,5% құрады, компьютерлермен қамтамасыз ету 2,5 есе артты. Интернетке қол жеткізу медициналық ұйымдардың 56%-да бар. Қарағанды облысында қағазсыз денсаулық сақтау жобасы сәтті іске асырылып жатқанын атап кеткен жөн, оның шеңберінде 70 мыңнан астам адам мобильді қосымшаларды пайдалануда. Ағымдағы жылы қалған барлық өңірлер қағазсыз құжат жүргізуге ауыстырылатын болады.

Тізімге қайта оралу

Загрузка