Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

   2018 жылдың 31 қазанынан 2 қарашасына дейін «Көрме» орталығында «AstanaZdorovie 2018» 15-ші Қазақстандық халықаралық денсаулық сақтау көрмесі өтуде. Көрме денсаулық сақтау саласындағы соңғы жетістіктерге арналған және саланың өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар бағдарламасын қамтиды.

   Көрмеге әлемнің 8 елінен Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Иордания, Қазақстан, Қытай, Ресей және Финляндиядан 60-қа жуық компания қатысты.

   Көрменің салтанатты ашылу рәсімін «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Наурашева Сәуле Қуанышқалиқызы және «Еуразиялық медициналық ассоциациясы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ президенті Ясилов Ермек Амангазынұлы өткізді.

001.jpg

   Көрменің іскерлік бағдарламасы барысында «ҚазМедТех» АҚ «Медициналық техниканың сараптамалық бағасы» тақырыбында семинар өткізді, онда медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалаудың өзекті мәселелері талқыланды. Семинар барысында Қоғам қызметкерлері семинарға қатысушылармен бірлесе отырып, сараптамалық бағалау кезінде туындайтын мәселелерді қарастырды.

002.jpg

003.jpg

   Көрменің және семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар өз сұрақтарына толық жауаптар алуға, тәжірибе алмасуға, қызықты жобалармен танысуға және ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.

004.jpg

Тізімге қайта оралу

Загрузка