Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі
Тәуелсіздік күні
Бүгін «ҚазМедТех» АҚ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Басқарма төрағасы ұжымды мерекемен құттықтап, өз сөзінде келе жатқан мерекенің тарихта алатын орнын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, төраға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалін сараптама және лизинг алуышылармен жұмыс жасау департаментінің бас менеджері Ардақ Татиеваға табыс етті.

Медицина қызметкерлерінің күні
Медициналық қызметкерлер күніне орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цойдың және «ҚазМедТех» АҚ мен «СК-Фармация» ЖШС ұжымдарының қатысуымен салтанатты жиналыс өткізілді. Өзінің құтттықтау сөзінде ҚР ДСӘДМ Вице-министрі Алексей Цой, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан медицина саласына көрсетіліп жатқан көмек өзінің айтарлықтай нәтижесін беріп жатқанын атап өтті.
Медициналық көмекті жетілдіру үшін бірқатар бағдарламалардың жүзеге асуы ҚР денсаулық сақтау саласының одан әрі дамуының маңызды кезеңдері болып табылатынын айтты. 
Салтанатты шара барысында қос компанияның бірқатар қызметкері құрмет грамотасын және алғыс хат алды. «ҚазМедТех» АҚ бас менеджері Абжанов Ердәулет, жетекші менеджерлері Әлия Ахмадиева, Рысжан Ыдрысова және Надежда Кузина ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың атынан мақтау қағаздарына ие болды. 

Елорда күні
Елорда күні қарсаңында белгілі тарихшы Радик Темірғалиев «ҚазМедТех» АҚ ұжымына «Қазақстан тарихы: дәстүр және модернизация» тақырыбында дәріс оқыды. Ол өз сөзінде қазақтың дәстүрлері, әйел мен еркектің қоғамдағы рөлі сияқты мәселелерді де қозғады. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына да тоқталды. 
Мекеме қызметкерлерін тарих, дін және қазақ халқының дәстүрлеріне қатысты сұрақтар қызықтырды. Кездесу қорытындысы бойынша ең белсенді деген қтасышулыраға өзінің «Казахи путь предков» кітабын табыс етті.

Загрузка