Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

Қазақтың салт-дәстүрлері

Шілдехана

Кей жерлерде «шілделік» деп те атайды. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана - өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі. Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады. «Ұл туғанға күн туады», «қыз туғанға ай туады» деп бала туғаннан сүйінші сұраушылар ұл туса – «атұстар», қыз туса – «көйлек тігер», «қырық жеті» деп хабарлайды. Осы сөздің өзінде де қазақтың сыпайы сөйлейтін әдемтілік мінезі, мәдениеттілік қалпы тағы аңғарылып жатады. Осы жерде жаңа туған сәбидің «жолдасы» туралы айтпай кетуге болмайды. Бұрынғы әжелер баланың «жолдасын» алып, жуып, орап оны аяқ баспайтын, ит-құс ала алмайтын жерге қастерлеп көмген. Егер «жолдасы» далаға тасталса әйел ауруға ұшырайды деген сенім бар. Сол сияқты әйел ылғи қыз туа берсе, онда туып жатқан баланың «жолдасын» алып, босанған әйелдің басынан айналдырса, келесі бала ұл болып туады деген сенім болған.

Тұсау кесер

«Тұсауыңды кесейін, Күрмейіңді шешейін» («Тұсаукесер жыры»). Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл «ала жіпті аттамасын» деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолыннан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп жіпті көк шептен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

Құдалық - ұлттық салт-дәстүр

Дәстүрлі қазақ қоғамында құдалық кезінде көргені көп, жон-жобаны жақсы білетін, сөзге шешен, өнерлі адам бас құда болып тағайындалған. Қыз ауылынан алыс-жақындығына қарай кемінде 3 - 4, кейде ұзын саны 20 - 30-ға дейін адам құдалыққа аттанады. Бұл сапар - "құдаласу", ал оған арнап жасалған той - "құда түсу тойы" делінген. "Құданы құдайыңдай күт" деген нақылға сай қыз ауылы ақ шанқан үйлер тігіп, оларды сән-салтанатпен қарсы алады. Дәстүр бойынша, алдымен, ақ жол тілеп, құдалық берік болу үшін мал шалынады. Одан әрі қарай басқа да ырым-жоралғылар жасалады. Ағайын-туыс арасында қатынасты, барыс-келісті нығайтуда құдалыққа зор мән берілген. Соған орай, "Құда мың жылдық, күйеу жуз жылдық" деген нақыл қалыптасқан.

Загрузка