Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

1. Келісім – шарт жасауға азаматтық құқық болуы керек;

2. Ағымдағы міндеттерді орындамау немесе дұрыс орындамаудан аулақ болу;

3. Стационарлық қызмет көрсету;

4. Мекеменің штаттық кестесінде алынатын техникада жұмыс істей алатын мамандардың болуы шарт немесе денсаулық сақтау мекемесі мамандарды оқытуға байланысты іс-шаралар жоспары болуы керек;

5. Алынатын техника орналасатын нысанда инженерлік – коммуникациялық талаптарға сай болатын орынның болуы шарт немесе денсаулық сақтау мекемесінде тиісті орынды дайындауға байланысты іс-шаралар жоспары болуы керек;

6. Медициналық техниканы пайдалануда шығынға қатысты мәселелер шешілуі керек;

7. Алынған медициналық техниканың қажеттілігіне қатысты негіздемесі болуы қажет. Негіздемесі дегеніміз оның жыл сайынғы қажеттілігін меңзейді, яғни техниканың қаншалықты сұранысқа ие болатынын  білдіреді (осы техникада жасалған медициналық қызметтің саны немесе ол арқылы жасалатын медициналық қызметтерге болжам болуы шарт).