Новости-АО «КазМедТех»

XII Астана экономикалық форумы

Еуразия құрлығындағы басты шаралардың бірі Астана экономикалық форумына биыл әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, кәсіпкерлер мен ғалымдар қатысуда. Ауқымды шараға қатысушылар 12-ші рет өткізіліп отырған жиында әлемдік экономиканы дамыту, оны сауықтыру, жаһандық үрдістер мен практикалық стратегиялар мәселелерін талқылайды. Форумда бірыңғай «жасыл» инновациялық хаб құру туралы ұсыныс жасалды. Бұл бастаманы көтерген Фред Уолти инновацияларды бірлесіп жүзеге асыру қажет екендігіне сенімді. Оның пікірінше, ұзақ ғылыми зерттеулерге емес, практикалық дағдыларға баса назар аудару керек.
Жаңалықтар