Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

    «ҚазМедТех» АҚ медициналық техника құнына талдауды, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы ю 428 бұйрығымен бекітілген, Медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларына және клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады.

Медициналық техника құнына талдау денсаулық сақтау ұйымдары үшін де, сондай-ақ жеке меншік компаниялар үшін де жасалуы мүмкін.

«ҚазМедТех» АҚ сараптама жасаудың бағасы арзандағанын хабарлаймыз. 
Егер медициналық техниканың құны 500 млн теңгеден аз болса жабдықтардың техникалық мінездемесіне және бағасына сараптама өткізу қосымша құн салығын қоса есептегенде 205 960 теңге тұрады. 


Медициналық техниканың бағасы 500 млн теңге немесе одан көп болса жабдықтардың техникалық мінездемесіне және бағасына сараптама өткізу қосымша құн салығын қоса есептегенде 711 020 теңге тұрады.


Медициналық техниканың клиникалық – техникалық негіздемесіне сараптама жасауға қосымша құн салығын қоса есептегенде 43 520 теңге тұрады. 

Денсаулық сақтау ұйымының медициналық техника құнына талдауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасауы, өтінімді, жеке тігілген коммерциялық ұсынысты және техникалық өзіндік ерекшелікті ұсынуы қажет.

каз 1.JPG  

Қосымша - қөшіру

каз 2.JPG


- медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларына бағалау жасау үшін кеңес алу жөніндегі байланыс телефоны 8 (7172) 97-88-08 ішк.1058, 1059, 1075. Шарттарды жасасу және мемлекеттік сатып алулар үшін техникалық өзіндік ерекшеліктерді дайындау бойынша байланыс телефоны 8 (7172) 97-88-08 ішк.1053.

-  медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесіне бағалау жасау үшін кеңес алу жөніндегі байланыс телефоны 8 (7172) 97-88-08 ішк.1062, 104. Шарттарды жасасу және мемлекеттік сатып алулар үшін техникалық өзіндік ерекшеліктерді дайындау бойынша байланыс телефоны 8 (7172) 97-88-08 ішк.1053.

 

Загрузка